Cауда-саттық барысында доллар бағамы өсті

Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, сағат 15:30-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,66 теңгеге көтеріліп, 458,87 теңге болды.

Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 66,83 теңге (-0,47) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк — 490,35 теңге, рубль — 5,97 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 454-460 теңгеден, еуроны 487-494 теңгеден, Ресей рублі 5,6-6,1 теңгеден саудаланады.

27 наурызда Brent маркалы мұнайдың мамырда жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 0,2%-ға, барреліне 74,74 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 0,26%-ға 69,44 долларға дейін өсті.

Добавить комментарий