Cарапшылар Пригожин бастаған әскери көтеріліске қатысты түсініктеме берді

Ресейде көптеген сарапшылар мен мамандар көптен күткен және болжаған оқиғалар орын алып жатыр.

Евгений Пригожин бастаған «Әділеттілік шеруі» Ресей әскері Украинаға баса көктеп кіруінен туындаған салдардың бірі болып табылады. 23 маусым күні кешкісін «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин РФ тұрақты әскері «вагнершілерге» зымыран шабуылын жасады деп айыптады. Бұдан кейін Пригожин «әділеттілікті қалпына келтіруге» бел буды. Нәтижесінде 25 000 жауынгер Мәскеуге қарай бет алды.

Фото: Батыстық сарапшылар Ресейде орын алған соңғы оқиғаларға қатысты ойын айтты

Қарулы әскери құрылымға ешкім қарсылық көрсеткен жоқ. Олар Ростов-на-Донда бірнеше нысанды өз бақылауына алды. «Бұл оқиғалардың барысы Ресейде әскери бүлік бірнеше ішкі элиталық топтар арасында билік үшін күрес жүріп жатқанын көрсетеді.

Пригожиннің ешқандай қолдаусыз мұндай қадамға баруы және билікке соғыс жариялауы күмән келтіреді», — деп жазады батыстық сарапшылар. Пригожин мен Путин режимі арасындағы келіспеушілік туындап, ушығып бара жатқаны байқала бастағаны анық еді. Сарапшылар ғана емес, қарапайым халық бас қатырған мәселелердің бірі — Кремль бақылаудан шыққан жеке әскери компанияны қалай тоқтатады? Бірқатар сарапшылар Ресей әскері Пригожиннің жағына шығуы мүмкін деп есептеген. Бірақ санаулы сағаттың ішінде Пригожиннің бүлігі аяқталды. «Вагнершілердің» басшысы жауынгерлер колонналарды кері қайтарып, далалық лагерьлерге қайтатынын кететінін мәлімдеді.

Фото: Батыстық сарапшылар Ресейде орын алған соңғы оқиғаларға қатысты ойын айтты

«Пригожин қандай мақсатты көздегені анық емес. Осындай оқиғадан кейін Путин режимі қалай әрекет ететіні де белгісіз. Пригожин «әділеттілік шеруі» арқылы РФ билігінің барлық осал тұстарын көрсетті. Путин өзінің әлсіздігін көрсетіп, айтарлықтай жеңілдіктерге барған шығар. Бұл ресейлік қоғамға қазіргі таңда Путин режимі қаншалықты әлсіз екенін көрсетті», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий