Былтыр ҚР-да өндірісте 203 адам қаза тапты

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі былтыр өндірістік жарақаттан қанша адам қаза тапқанын хабарлады.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1465 жұмыскер зардап шекті, оның 203-і қаза тапты.

Осылайша, 2022 жылы өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,22 құрады.

Өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда.
Қарағанды облысында 180 адам зардап шекті;
Шығыс Қазақстан облысында — 169 адам;
Қостанай облысында — 142 адам;
Павлодар облысында — 112 адам;
Ақтөбе облысында — 103 адам;
Алматыда — 114 адам.

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 16,2 % және құрылыс саласында – 15 %.

Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері:

жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,9%);

өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%);

жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%);

қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

Еңбек министрлігі соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ға түсті.

Еліміздің 2800 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. 2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан «Нөлдік жарақат — Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіру болйынша белсенді жұмыс атқарылуда. Оған бүгінде 332 кәсіпорын қосылды.

Добавить комментарий