Буш Ауғанстан жерінен әскерлердің шығарылуына қатысты пікір білдірді

Экс-президент Джордж Буш АҚШ әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылуына қатысты пікір білдірді.

АҚШ билігінің Ауғанстан аумағынан әскерлерін шығару туралы шешімі қате. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш (2001-2009 жылдары билікте болған) сәрсенбі күні жарияланған Deutsche Welle медиакомпаниясына берген сұхбатында осылай деп айтты.

«Ауғандық әйелдер мен қыз-жеткіншектер қатты зардап шегеді. Бұл қате шешім», — деді ол. «Оларды тастап кетті. ..бұл менің жүрегімді жаралайды», — деп мәлімдеді Буш. Ол Германия канцлері Ангела Меркель де «осындай пікірде» деді.

АҚШ президенті Джо Байден 14 сәуірде америка тарихындағы ең ұзаққа созылған шетелдік әскери науқан болған Ауғанстандағы операцияны аяқтау туралы шешім қабылдады. АҚШ осы соғысты 2001 жылдың қазан айында бастады. Байден өткен аптада Ауғанстандағы әскери операция биыл 31 тамызда аяқталады деп мәлімдеді.

Добавить комментарий