Ресейдің Брянск облысы Новозыбков қалалық округінің әскери комиссариаты ғимаратына ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасалды.
Бұл туралы губернатор Александр Богомаз әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, шабуылды Украина Қарулы Күштері жасаған.
Ақпарат бойынша, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ ғимараттағы кейбір әйнектер сынған. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.