Британия ресейлік патриархқа қарсы санкция салды

Мәскеу және Русь патриархы Кирилл Ұлыбританияның санкциялық тізіміне енді.

Сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова, Херсон облысы әкімшілігінің өкілдері және ресейлік әскерилер санкцияға ұшырады

Құжаттың жаңартылған нұсқасы бейсенбі күні үкіметтік сайтта жарияланды.

«Владимир Гундяев, патриарх Кирилл, Орыс православ шіркеуінің басшысы. Кирилл Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдап, көпшілік алдында бірнеше мәлімдеме жасады, — делінген құжатта. — Сондықтан ол Украинаны тұрақсыздандыратын, оның аумақтық тұтастығы, егемендігі немесе тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін саясатты немесе әрекеттерді қолдайтын немесе оларды ілгерілетумен айналысатын саясаттың немесе әрекеттердің қатысушысы болып табылады».

Сондай-ақ, Мәскеу қалалық думасы төрағасының орынбасары Сергей Савостьяновқа, «Волга-Днепр» тобының басшысы Алексей Исайкинге, сондай-ақ РФ президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Беловаға «украиналық балаларды күштеп басқа жаққа көшіргені үшін және асырап алуды ұйымдастырғаны үшін» санкцияға ілікті. Санкциялық тізімге бірнеше ресейлік әскерилер мен Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің қызметкерлері, облыс басшысы Владимир Сальдо мен оның орынбасары Кирилл Стремоусов енді

Добавить комментарий