Британия мен тағы 14 мемлекетттің жаңа королі алғашқы мәлімдеме жасады

Елизавета II қайтыс болғаннан кейін тақ мұрагері болған Британия королі Карл III бірінші мәлімдеме жасады

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс ханзада Чарльз Карл III (Charles III) есімімен таққа отырғанын хабарлады. Ол II Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа отырды.

«Анамның өмірден өтуі мен үшін және отбасымыздың барлық мүшелері үшін орны толмас қаза», — деп мәлімдеді король.

Анықтама үшін! Карл III, Британия және тағы 14 мемлекет — Аустралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа — Жаңа Гвинея, Сент-Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу және Ямайканың королі болды.

Ол 64 жыл британ тағының мұрагері — Уэльстің ханзадасы болды (ол бұл атақты 1969 жылы ресми рәсім барысында қабылдады).

8 қыркүйек күні таңертең Елизавета II-нің денсаулығы күрт нашарлады. Сол күні түнде патшайым 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Добавить комментарий