Британдық жоғарғы оқу орнының түлегі Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Алматы облысы әкімнің жаңа кеңесшісі тағайындалды. Аталған лауазымға британдық жоғары оқу орнының түлегі Данияр Ахметов тағайындалды. Бұрын ол Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов 1984 жылы туған. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қонаев атындағы университетті «қаржыгер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Ұлыбританияның Шеффилд Университетін «Болашақ» бағдарламасының «халықаралық қатынастар магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті сыртқы сауда басқармасының бас маманы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Астана қаласының өкілдіктерін үйлестіру басқармасының сарапшысы, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті сауда инфрақұрылымын дамыту, Құқықтық қамтамасыз ету басқармаларының бастығы, Сыртқы сауда қызметін реттеу, Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаменттерінде директордың орынбасары,  ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының инспекторы, Алматы қаласы әкімінің бас инспектор болды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап — Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Добавить комментарий