Ресей тарапынан ықтимал қауіпке байланысты Украина алдыңғы шептегі өзінің қорғаныс позицияларын шұғыл нығайтуда. Британдық барлау қызметінің деректері бойынша, бұл шаралар Ресей Федерациясының алға жылжуына және ықтимал шабуылдар жасауына кедергі жасауға бағытталған.
Стратегияға енгізілген қорғаныс позицияларының элементтерінің ішінде танк шабуылдарының алдын алу үшін жасалған танкіге қарсы «айдаһар тісі», жау күшінің техникасының қозғалысын қиындатуға арналған орлар, сарбаздарды бүркемелеуге арналған жаяу әскерлердің окоптары, мина алаңдары және нығайтылған позицияларды атап өтсек болады.
Бұл шаралар жүргізіліп жатқан соғыстың сипаты мен Украинаның өз аумағын қорғауға дайын екенін көрсетеді. Елдің қауіпсіздігі мен тұтастығы үшін күресте соғыс алаңында құрылған позициялар соғыс алаңын нығайтуға бағытталған маңызды бөлшегіне айналып отыр. Британдық барлау қызметі агрессор елдің «кез келген шабуылдау әрекеті өздері үшін өте көп шығынға алып келетінін» атап көрсетеді.
Аталған қорғаныс шаралары соғыс алаңын нығайтып қана қоймай, Украинаның кез келген сын-қатерге төтеп беруге дайын екенін көрсетеді.