«Вагнершілер» шығарылғаннан кейін Бахмут пен сектордағы ресейлік десантшылардың рөлі артуда
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің Украинадағы соғыс туралы соңғы барлау шолуына сәйкес, Бахмут пен іргелес жатқан секторда «Вагнер» тобының жауынгерлік бөлімшелері шығарылғаннан кейін аталған аумақта ресейлік десантшылардың рөлі барған сайын маңызды орын алады.
«Вагнершілер» аталған облыстан біртіндеп кетіп жатыр, десанттық әскерлерді қоса алғанда, Ресей армиясы тұрақты бөлімшелерінің осы аумақтағы рөлі барған сайын артып келеді.
Барлау қызметінің шолуында: «Бахмутта Ресей ӘДӘ (әуе-десант әскерлері) маңызды рөл атқаруда. Қазіргі уақытта бұл секторға 76-шы және 106-шы дивизиялардың бөлімшелері, сондай-ақ екі қосымша жеке ӘДӘ бригадасы жіберілді».