Brent маркалы мұнайдың бағасы 92 доллардан асты

Бүгін, 2022 жылғы 4 ақпанда мұнайдың әлемдік бағасы 1,1%-ға өсті.

ICE биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 92 доллардан асты. Мұнайға баға белгілеулер 2014 жылдың 7 қазанынан бері алғаш рет осы көрсеткішке жетті.

Наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы 91,27 долларға дейін өсті.

2 ақпанда ОПЕК+ елдері шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің қазіргі мұнай өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыруға келісті. Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн баррельді құрайды. 2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн баррельді құрайды.

Добавить комментарий