Бразилия Президенті Зеленский және Путинмен кездесуге дайын

Бразилия Президенті Украина төңірегіндегі жағдай бойынша халықаралық деңгейдегі келіссөздер форматын құруды ұсынды.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва қажет болған жағдайда Ресей лидері Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен тікелей келіссөздер жүргізу барысында делдал болуға дайын.

Бұл туралы ол дүйсенбі күні Германия канцлері Олаф Шольцпен бірлескен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

«Егер көмектесе алсам, көмектесемін. Егер де Путинмен немесе Зеленскиймен сөйлесу қажет болса, онда мен еш қиындықсыз бейбітшілікке жету жолдарын талқылауға дайынмын. Шын мәнінде, келіссөздер үстеліне сөзі өтетін, жеткілікті күші бар адамдарды жинау керек. Екеуімен бірге келіссөздер үстеліне отыру керек», — деді ол.

Саясаткер сондай-ақ Украинада бейбітшілікке қол жеткізу үшін «үлкен жиырмалыққа» ұқсас жаңа кең ауқымды халықаралық келіссөздер форматын құру туралы бастама көтерді. Оның айтуынша, ол бұл мәселені Шольцпен және Франция президенті Эмманюэль Макронмен талқылады, сондай-ақ ақпан айында АҚШ президенті Джо Байденмен және наурыз айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесу барысында осы мәселені қозғамақ.

Добавить комментарий