Алматыда ҚНРДА ғимаратының алдына шыққан адамдарды ішке кіргізбеді. Оларды полицейлер тоқтатты. 70 адам несие бойынша қарыздарын кешіруді талап етіп келген.
«Көктем-3» шағынауданындағы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ғимаратының алдына жиналғандар қарыздарын есептен шығару немесе қайта қарау туралы мүмкіндігі туралы туыстарынан болмаса достарынан немесе әлеуметтік желіден оқып келгенін айтады.
Агенттік қызметкерлері халыққа бланкілерді тегін таратты, алайда көпшіліктің ішінде ол қағазды 50 теңгеге сатып жүргендер де табылған. Адамдар қағазды толтырып, оны ҚНРДА ғимаратының алдына орнатылған хаттарды қабылдауға арналған жәшікке тастап жатыр. Кейбір бланкілерді агенттік өкілі қабылдап, ведомство оларға жауап береді деп уәде береді.
«Әлеуметтік желілерде 1-15 желтоқсан аралығында несиелер кешірілетіні туралы хабарлама таралып жатыр. Біз мұнда аз да болсын көмек сұрап, несиеміздің бір бөлігі жабылса екен деп келдік. Кеше-алдыңғы күні адамдар кіріп, несиелерінің кешірілгенін айтты, сондықтан бүгін сағат 09.00-да келдік, бірақ бізді ішке кіргізбеді. Ешкім бланкіге мөр қоймады», — деді ғимарат алдында жиналғандардың бірі Мадина .