Құқық қорғау органдарының қызметкерлері халықаралық әуежайда криптовалюта өндіруге арналған жабдықтардың ұрлаған адамды ұстады.
Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы әуежайында аса ірі көлемде ұрлық жасаған бортсерік анықталған, ол Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысатын әуекомпаниялардың бірінде жұмыс істеген.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жоғарыда аталған бортсеріктің жеке материалдық жағдайын арттыру мақсатында тасымалданатын жүкке еркін ену мүмкіндігін пайдаланып, әуе кемесінің жүк бөлігінен жүкті, атап айтқанда, криптовалютаны өндіруге арналған жабдықты бірнеше рет ұрлағаны анықталды», — деп хабарлайды көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Жалпы келтірілген шығын сомасы 27 млн. теңгеден асады.
Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.