Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Ресей билігіне электр беру желілерін кедергісіз жөндеуді және Запорожье атом электр станциясын Украинаның энергия желісіне толық қосуды қамтамасыз ету туралы талап қойды.
«Запорожье АЭС айналасындағы жағдай алаңдатушылық тудыруда.
Ресей бүлінген электр беру желілерін кедергісіз жөндеуді және украин электр желісіне толық қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
МАГАТЭ сарапшыларына нысанға кіруге рұқсат берілуі керек», — деп жазды Боррель Twitter-де.
25 тамызда тарихта алғаш рет ЗАЭС энергия желісінен толықтай ажыратылды. Энергодар мэрі Дмитрий Орлов бұл атыстан кейін орын алғанын, ал «Энергоатом» — өрттің шығуынан болғанын хабарлады. Кейінірек МАГАТЭ хабарлағандай, ЗАЭС Украинаның энергожүйесімен байланыстың төртінші желісіне қосылды, бірақ барлық 6 энергоблок ажыратылды.