Боррель Украинаның НАТО-ға қосылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-39659-1664779569-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

ЕО дипломатиялық миссиясы басшысының пікірінше, Украинаның НАТО-ға қосылуы қазір басты мәселе болып отырған жоқ.

Бұл туралы ол 24 Horas телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Жозеп Боррельдің пікірінше, қазіргі таңда Украинаға бұрынғыдай әскери қолдау көрсетуді жалғастырып, Ресейге қарсы «тиімді әсер» беріп отырған санкцияларды жалғастыра беру керек.

Боррель Украинаға үлкен әскери көмекті жалғастыруды, қосымша санкция салуды, қолданыстағы санкцияларды сақтап қалуды және «әлемдік дипломатиялық шайқасқа қатысуды жақтады, өйткені әлемдегі барлық елдер Ресейге қарсы тиімді әрі батыл әрекет етпеуде».

Боррель Ресейдің баса-көктеп кіруіне байланысты ЕО өз қаражатын алғаш рет қару сатып алу және оны соғысып жатқан үшінші елге жеткізу үшін пайдаланғанын еске салды. «АҚШ-тың қосқан үлесімен бұл Украинаға қорғауға мүмкіндік берді», — деді Боррель.

Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қоқан-лоқысына қатысты Боррель «барлық тәуекелдер ықтимал» деді.

Ақ үй Украинаның Солтүстік Атлант Альянсына мүшелігі мәселесі «басқа уақытта» шешілуі тиіс деп санайды, ал қазір оларға ресейлік агрессияға қарсы күреске қолдау көрсету маңызды.

НАТО Бас хатшысы мәлімдегендей, Украинаның мүшелікке өтініш беруге құқығы бар, бірақ қазір басымдық — көмек көрсету.

Сонымен қатар, Украинаның Альянсқа мүшелігіне Балтық елдері мен Канада қолдау білдірді.

Добавить комментарий