Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель НАТО өзінің міндеттемелерін орындамаған болуы мүмкін екенін, бірақ бұл Ресейдің ЛДХР мен Украинаның қақтығысына араласуын ақтамайтынын мәлімдеді.
Мадридтегі Карл Антверпенский қорында сөйлеген сөзінде Боррель НАТО елдері Ресейге берген уәделерін орындамағанына қарамастан, Украина аумағындағы қақтығысты ақтауға болмайтынын айтты.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айының басында Ресей Президенті Владимир Путин НАТО блогын шығысқа қарай жылжытпау туралы берген уәдесі орындалмағанын мәлімдеген болатын.
«Мені көптеген адамдар, соның ішінде менің достарым НАТО-ның уәделерін орындамады деп агрессияны ақтауда. Солай шығар. Бұл тарих. Осылардың ешқайсысы болып жатқан оқиғаларды ақтамайды , — деп мәлімдеді Боррель.
Сондай-ақ, Қытайдың РФ-дағы елшісі Чжан Ханьхуэй Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруіне АҚШ билігі «кінәлі» деп мәлімдеді.