Борис Джонсон Украина соғыста жеңіске жетуі мүмкін деп санайды

Борис Джонсон Украина соғыста жеңіске жететініне сенімді екенін айтты. Бұл туралы ол журналистерге Киевке сапары алдында айтты.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон 24 тамыз — Украинаның тәуелсіздік күні — Киевке сапармен барды. Бұл оның Украинаға Ресейдің баса-көктеп кіргеннен бергі соңғы жарты жылдағы үшінші сапары. Джонсон соғыс басталғаннан кейін алғашқы болып Киевке келген батыс елдері басшыларының бірі — ол Ресей әскерлерінің Украина астанасынан кері шегінгеннен кейін сәуір айында барып қайтқан.

«Украинада болып жатқан жағдай бәріміз үшін маңызды. Сондықтан мен Киевке келдім, сондықтан да Британия украиндық достарымызды қолдауды жалғастырады. Мен Украинаның соғыста жеңіске жететініне сенемін»- деп жазды Джонсон твиттерде. Ол өз сөзінде Ресей баса-көктеп кіргенге дейін Украинаның тойтарыс беруге деген ерік-жігеріне және Батыс елдерініің қолдауын жете бағаламағанын атап өтті. Джонсон сондай-ақ Украинаға шамамен 65 млн доллар көлемінде 850 микродронды құрайтын жаңа көмек пакетін ұсынғанын жариялады.

Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің Ұлыбритания премьер-министрі сияқты «досы болғанына бақытты» деп жазды.

Джонсон жақын арада британдық премьер-министр лауазымынан кетеді — ол бірқатар саяси дауларға байланысты отставкаға кететінін жариялады. Оның орнына Консервативтік партия бойынша әріптесі — Риши Сунак немесе Лиз Трасс келеді. Жаңа премьердің есімі 5 қыркүйекте белгілі болады. Аталған лауазымға Джонсон сияқты Украинаны қолдайтын Трасс тағайындалуы мүмкін.

 

Добавить комментарий