Борис Джонсон Киевтің құрметті азаматы атағына ие болды

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Киевтің құрметті азаматы атағына ие болды. Оны Украина астанасында аталған марапатты табыс ету үшін келуін күтуде.

Бұл туралы қала мэрі Виталий Кличко хабарлады.

«Киев қалалық кеңесі Украинаның нағыз досы Борис Джонсонға Киевтің Құрметті азаматы атағын беру туралы шешімді мақұлдады. Борис біздің ресейлік агрессорға қарсы күресіміз кезінде де, бейбіт уақытта да Украина астанасына бірнеше мәрте келген. Джонсон алдағы уақытта да Ұлыбритания мен әлемдік көшбасшылар Украинаға қажетті көмек көрсетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына кәміл сенемін», — деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кличко Джонсонға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, британдық саясаткер салтанатты түрде марапаттау үшін Киевте келуін күтіп отырғанын айтты.

Бұған дейін Иван Франко атындағы Львов ұлттық университетінің ғылыми кеңесі Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсонға «Құрметті доктор» атағын берген еді.

Добавить комментарий