Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Киевке сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.
Бұл туралы президент Владимир Зеленский Facebook-те хабарлады
Бұған дейін әлеуметтік желіде Джонсонның Бучада жүргені көрінетін видео жарияланды, ал кейіннен Reuters тілшілері оның суретін жариялады.
Кейінірек Зеленский Джонсонмен кездесуінің видеосын жариялап, оған қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.