Болашағы бар дәрігерлер Қазақстаннан кетуде

Медициналық кадрлардың кетуінің негізгі себептері ретінде ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының директоры Қанат Төсекбаев ынталандыратын тиімді механизмнің болмауы және жоғары психоэмоционалдық жүктеме, сондай-ақ кәсіби даму мүмкіндігінің болмауы деп атады.

Жалпы кадрлардың тұрақтамауы туралы айта отырып, 2019 жылы тұрақтамау шамамен 5% -ды құрады, биылғы жылы тұрақтамау шамамен 4%-ды құрайды. Негізгі себептердің бірі — миграция, яғни медициналық кадрлардың кетуі. Ең көп көшіп кеткендер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады. Олар медициналық кадрлардың сыртқы миграциясы бойынша көш бастап тұр

«Өткен жылдармен салыстырғанда, 2017 жылы — 1062, 2018 жылы — 1225, 2019 жылы — 1212 қызметкер Қазақстаннан көшіп кетті. Кадрлардың кету себептері: ынталандыратын тиімді механизмнің болмауы, психо-эмоционалдық жүктеме, кәсіби даму мүмкіндігінің болмауы, құқық қорғау деңгейінің төмендігі, әлеуметтік кепілдіктің жоқтығы», — дейді Төсекбаев.

Ол мамандардың жоғары тұрақсыздығымен қалыптасатын кадрлар тапшылығы еңбекақы төлеу жүйесінің жетілмеуіне, медицина қызметкерлерінің төмен ынталануына, құқықтық қорғалмауына, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіз деңгейіне байланысты екенін айтты.

Оның айтуынша, жүргізілген талдау көрсеткендей, 2020 жылдың 10 қазанына барлық ведомстволарды есепке алғанда жұмыстан шыққан медицина қызметкерлерінің саны 31 129 адамды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға төмен.

«Негізгі себептері: қызметкердің бастамасы бойынша, тараптардың келісімі бойынша, штатты қысқарту бойынша және басқалары. Басқа себептер бойынша қайтыс болуына байланысты мүгедектікке шығу және зейнеткерлікке шығу байқалады», — деп нақтылады республикалық орталық басшысы.

Ресми мәліметтер бойынша, медициналық білімі бар мамандардың ішкі миграциясы 11 278 адамды құрады.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің миграциясы, әсіресе жекелеген өңірлерде қосымша тапшылық туғызуы мүмкін. Яғни, біз қызметкерлеріміздің үйлесімсіздігін көріп отырмыз. Оның басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және облыс орталықтарында шоғырланған. Медициналық кадрлардың ең көп ішкі миграциясы Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында байқалады, — деп қорытындылады Төсекбаев.

Добавить комментарий