Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі қазақ боксшысы британдық спортшыдан жеңілгенін хабарлады.
«Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Қазақстандық Сәкен Бибосынов кездесудің қорытындысы бойынша турнирді қола медальмен аяқтады. Жартылай финалдық жекпе-жекте Бибосынов британдық Галал Яфаиге есе жіберді. Жекпе-жек Яфаидің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.
Қазір Қазақстанның қоржынында бес қола медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зульфия Чиншанло, бокстан команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жүлделі орынға іліккен.