Блогер Илья Варламов Түркістанда видео түсіруге тыйым салғанына наразы болды

Әр түрлі елде кемшіліктердің бетін ашып жүретін белгілі блогер Түркістанда видео түсіруге тыйым салғанын айтты.

Ол Түркістандағы «Керуен-сарай» туристік кешенінің аумағында түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Блогер кешен аумағында адам қарасының болмауы мен видео түсіруге тыйым салған жергілікті күзетшінің әрекетіне таң аң-таң болды.

«Осының бәрі не үшін салынды? Егер адамдар бұл жерді түсіре алмаса, онда кім үшін салынды? Мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын», — деді блогер.

Блогердің шағымына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жауап берді.

«Ильядан және басқаларынан кешірім сұраймын. Бұл «кейбір жерлердегі кемшіліктер», себебі бұны әкім не болмаса басқасы тыйым салмаған. Дегенмен күзетші өзі мұндай әрекетке барған. Жалғыз жүрген адамды көріп, сірә, іші пысқан болар», — деп мәлімдеді Қалқаманов.

Ол сондай-ақ Илья Варламовқа видео түсіруге тыйым салған күзетшіге сөгіс жарияланғанын атап өтті.

Артынша әкімнің орынбасары Илья Варламовпен жеке кездесіп, ресейлік урбаниске қаланың көрікті жерлерін көрсетті.

«Блогермен «Керуен-сарай» кешенінің басқарушы директоры кездесіп, кешірім сұрады. Мен де онымен кездестім, біз бірге қаланы араладық. Кесенені зиярат етіп, кітапханаға бардық, субұрқақтарымызды тамашаладық. Оған бәрі де ұнаған сыңайлы. Ұлттық тағамымызды көрсетіп, дәм таттырдық», — деді әкім орынбасары.

Добавить комментарий