Блинкен тәіптерді «Әл-Қаида» жетекшісін жасырды деп айыптады

«Талибан» радикалды қозғалысы (БҰҰ-ның террористік әрекеті үшін санкциясына ұшыраған) Кабулда «Әл-Қаида» террористік тобының (ҚР-да тыйым салынған) жетекшілерінің бірі Айман әз-Завахириді «қабылдап, жасырып» өз міндеттемелерін бұзды. Бұл туралы дүйсенбі, 1 тамызда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.

«Кабулда тәліптер «Әл-Қаида» көшбасшысын қабылдап, жасырып Дохия келісімін және әлемге Ауғанстан аумағын террористердің басқа елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіру үшін пайдалануына жол бермейтіндігі туралы бірнеше мәрте берген уәделерін өрескел түрде бұзды», — деді ол.

АҚШ президенті Джо Байден «Әл-Қаида» жетекшілерінің бірі Айман әз-Завахиридің көзін жою бойынша контртеррористтік операция барлық аспектілерде жемісті болды деп мәлімдеді.

Ол АҚШ Ауғанстанның лаңкестерге арналған баспанаға айналуына ешқашан жол бермейтінін айтты.

Добавить комментарий