Блинкен: РФ-ға қарсы салынған санкцияларды алып тастау келіссөздердің нәтижесіне байланысты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы санкциялардың мақсаты Ресейдің әрекетін өзгерту, сондықтан батыс елдері салған санкциялар Украинамен келіссөздер нәтижесінде алынып тасталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні эфирге шыққан NBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Халықаралық қауымдастық Ресейге санкция салды. Біз Украинаның не істейтінін және не істегісі келетінін байқаймыз. Егер бұл [Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер] [қақтығыстың] аяқталуына септігін тигізсе, онда санкцияларды алып тастаймыз, — деді Блинкен. — Егер келіссөздердің, санкциялардың, қысымның, Украинаны қолдаудың нәтижелері болса – біз бұған қол жеткіземіз, онда санкцияларды алып тастаймыз».

«Бұдан әрі не болатыны Ресейге байланысты», — деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Добавить комментарий