Блинкен: АҚШ Ресеймен тұрақты қатынасты қалайды

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Ресей тарапынан геосаяси агрессия туындаған жағдайда одақтастарымен бірге оған қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеді.

«Президент [АҚШ Джо Байден] Путинге бірнеше ай бұрын Женевада өткен келіссөздер барысында және видеоконференция кезінде [7 желтоқсан] Ресеймен тұрақты, болжамды қатынас біздің айқын артықшылығымыз болатынын ашық мәлімдеді, — деді ол. — Егер Ресей ақылға қонымсыз және агрессивті әрекеттерін жалғастырса, біз ғана емес, [біздің] одақтастарымыз бен дүниежүзі бойынша серіктестеріміз қарап қалмайды».

Соңғы уақытта Батыс елдерінде, сондай-ақ Киевте Ресейдің Украинаға басып кіруі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны жағдайды шиеленістіруге бағытталған ақпарат деп атады. Ол Ресей ешкімге қауіп төндірмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Песков Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты шешу үшін күш қолданса салдары ауыр болатынын ескертті.

Добавить комментарий