Сот Павлодарды сыртқы жарықтандыру құрылғысының жобасын іске асыру барысында бюджет қаражатын ұрлауға әрекет еткен адамдарды 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды.
Прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады, оның барысында жеке серіктестер белгілі бір жұмыс түрлерін нақты орындамай жарықтандыру жүйесін пайдалануға бергенін анықтады (шамдарда контроллер жоқ, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары жеткізілмеген).
Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді, жеке серіктестер — «Altocom Asia» ЖШС мен «А3 Коммерц» ЖШС директорларының кінәсі толық дәлелденді, сот-құрылыс сараптамасы кәсіпкерлер бюджеттен ұрламақшы болған 405 млн теңге көлемінде шығын сомасын анықтады.
Облыс прокуратурасы аталған заңды тұлғалардың директорларымен қылмыстық істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процессуалдық келісімдер жасасты. Сот үкімімен жоғарыда аталған адамдар 3 жыл 9 ай (шартты түрде) мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды.
«Қазіргі уақытта жекеменшік серіктестер жетіспеген құрал-жабдықтарды орнату арқылы заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдануда», — делінген облыс прокуратурасының баспасөз қызметінде.