Биыл наурыз айында масс-медиа туралы заң ұсынылады: жаңартылған нұсқа наурыз айында ұсынылады

Ақпарат министрлігі келесі айда масс-медиа туралы заң жобасының жаңартылған нұсқасын ұсынатынын хабарлады.

Журналистер мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бірқатар БАҚ өкілдерінің пікірінше, журналистер құқығын шектейтін БАҚ туралы заң жобасын талқылады.

Бұл туралы Facebook-те қауымдастық төрағасы Кемелбек Ойшыбаев жазды.

«Соңғы кезде БАҚтарда және әлеуметтік желілерде осы заңжобаға қатысты көптеген ой пікірлер жәриаланды. Көтеріліп жатқан сұрақтардың жауаптарын нақтылап, барлығына түсінікті болуы үшін, түрлі бұрмалауларды тоқтату үшін Ұлттық медиа қауымдастық конференция өткізуді ұсынды.

Ұлттық медиа-қауымдастықтың төрағасы Кемелбек Ойшыбаев заң жобасында көзделген БАҚ пен журналистерге төтенше жағдай кезінде материалдарды уәкілетті органмен келісу талаптары талқыланғанын атап өтті.

Көпшілік бұл талаптың орындалуы қиындылығын жеткізді, себебі материал келісілгенше, оқиға туралы деректер өзектілігін жоғалтатытын атап өтті. Осы тұрғыда ешқандай ақпараттың жоқтығы тұрғындар арасында дүрбелең тудыруыда мүмкін. Министрлік пікірлерді қабылдап, бұл тармақты жою немесе түзетулер енгізу мүмкіндігі қазір пысықталып жатқанын хабарлады.

Талқылау барысындағы екінші қызу мәселе – заң жобасынан БАҚ пен журналистерге материалды теріске шығару, алып тастау немесе өзгерту үшін талап қою шарттарына уақыт жағынан шектеу қою сұрағы болды.

«Министрлік өкілі Жасұлан Өміралиев министрліктің осы пікірмен келісетінін айтып, тармақты заң жобасына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді».

Талқылаудың нәтижесінде қатысушылар пресс картаның берілу және кері қайтарып алу рәсімдері журналистердің жұмысына кедергі келтірмеуі үшін халықаралық тәжірибені ескере жасау қажеттілігіне назар аударды.

Сондай-ақ конференцияда YouTube арналарын бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатқызу, интернет-теледидар платформаларын реттеу туралы ұсыныстар айтылып, Министрлік ұсыныстарды қарастыруға уәде берді.

Добавить комментарий