Бішкекте 10 мектепте адамдар эвакуацияланды

Бішкектегі оннан астам мемлекеттік және жекеменшік мектептерде адамдар бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін эвакуацияланды. Елорда ҚІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Рефал» оқу-тәрбие кешені, Oxford International School, № 4, 63, 90, 33, 51, 17, 67 және 62 орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері эвакуацияланды. Оқу орындарының аумағы қоршауға алынып, сол жерде арнайы мамандар жұмыс істеді. Милиция хабарлағандай, жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпарат әлі де келіп түсіп жатыр және эвакуацияланған мектептер мен мекемелердің тізімін жаңартылып, толықтырып жатыр. Еске сала кетейік, өткен аптада Бішкектегі мектептер, колледждер, ЖОО-ларда және сауда орталықтарына жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түскен. Бұл телефон лаңкестерінің алғашқы шабуылы емес, қаңтар мен наурыз айларында Бішкектегі оқу орындары мен сауда орталықтарына осы сипаттағы хабарламалар келіп түскен еді. Бұл шабуылдарды ұйымдастырушылар әлі күнге дейін табылған жоқ. ҰҚМК төрағасының орынбасары Айбек Шаменов хабарлама жіберіп жатқан аккаунттар Украина мен Ресей аумақтарында тіркелгенін хабарлады. Білім және ғылым министрлігі мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Добавить комментарий