Биржада доллар 477 теңгеден саудалануда: ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамы қандай

Бүгінгі Қазақстан валюта биржасындағы сауда-саттықта АҚШ доллары 477 теңгеден саудалануда.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың максималды бағамы 482 теңгені, Алматыда 483 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 29 шілде сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 476, 57 теңгеге тұрақтады. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлады.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың максималды бағамы сағат 11:15-де 482 теңгені, Алматыда 483 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 29 шілдедегі ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 478,78 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Добавить комментарий