Үйқамақта ұстау мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылған Елжан Біртанов отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады. Оның талаптары қаншалықты негізделген және бұл заң алдындағы теңдік қағидатына қайшы келмей ме? Тұтқындалғандардың көбінде осыған осыған ұқсас жағдайға тап болуда емес пе.
Естеріңізге сала кетейік! Біртановқа «өмірлік маңызды әрекеттерді жүзеге асыру үшін» сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін үйден шығуға рұқсат етіледі.
«Сотта Е. Біртанов 6 айдан астам уақыт бойы үйден шықпағанын, осы мерзімде қандай да бір заңсыздыққа бармағанын айтып, отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады», — деп атап өтті баспасөз қызметі.
Заң талаптарына сәйкес, шектеу отбасы мүшелерімен, қорғаушысымен сөйлесуге, өмірлік маңызды іс-әрекеттерді жүзеге асыруға, мысалы, медициналық көмек алуға және т.б. кедергі келтірмеуі тиіс.
«Сот үйқамақ ұстау мерзімін ұзарта отырып, Е.Біртановқа оның бес адам асырап отырғанын, оның ішінде үшеуі жас бала және қарт ана екенін ескере отырып, өмірлік маңызды әрекеттерді жүзеге асыру үшін сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Сонымен қатар, сот бұған дейін Біртанов өзіне салынған тыйымды бұзбағанын назарға алды», — деп хабарлады соттан.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан бастап қамауға алынды. Ол бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жұмсады деген күдікке ілінген. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметін Біртанов 2017-2020 жылдар аралығында атқарған. Бұған дейін Біртанов адвокаты арқылы оған шаштараз жіберілмейтініне шағымданған. Сәуірдің басында оның адвокаты бұрынғы шенеуніктің денсаулығы күрт нашарлағанын хабарлады.