ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов бірінші курс студенттері үшін аралас білім беру форматы енгізілетінін айтты. «18 қаңтардан бастап көктемгі семестрде жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайды. Яғни, лекциялар онлайн-форматта өткізіледі, ссеминарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта өткізіледі.
Бұл ретте екінші, үшінші және төртінші курс студенттері үшін оқу бұрынғы форматта қалады. Бүгінде бірінші курс студенттері саны 150 мың адамды құрайды. Бұл аралас форматта оқитын студенттер. Оқыту күзгі семестрдегідей дайындық бағыттарына байланысты бұрынғы режимде қалады», — деп түсіндірді білім вице-министрі ОКҚ-да өткен брифингте. Ол жоғары оқу орындары студенттерді осы форматта қабылдауға дайын екенін атап өтті. Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим орнатылды. Аудиторияларда студенттердің толымдылығы 40%-дан аспайды. Сонымен қатар, әр түрлі топтардағы студенттер үзілістерде кездесе алмауы үшін ауысулардың жылжымалы кестесі жасалады. Партада отырғандар арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтық қарастырылған.
Зертханаларда бір студентке 5 шаршы метр қарастырылған. «ЖОО студенттерді 50% толымдылықпен жатақханаларға қабылдайтын болады. ЖОО бір ай бойы осы жұмысты атқарып келеді. ЖОО-лар оқуды бастау үшін бірінші курс студенттерін қабылдауға дайын. Жоғары оқу орындары тұтастай алғанда оқыту сапасын күшейтуге бағдарланған. Магистранттар мен докторанттар бұрын оқыған форматта оқуын жалғастырады», — деп атап өтті Мирас Дәуленов.