«Бірінші арнаның» редакторы тікелей эфирде плакат ұстап шықты

«Бірінші арнаның» редакторы белгісіз себептермен тікелей эфир кезінде студияға плакат ұстап жүгіріп шықты. Плакатта фломастермен соғысты тоқтатуға және БАҚ-қа сенбеуге шақырды.

Бұл дүйсенбі күні кешке орын алды. Марина Овсянникова «Время» бағдарламасының эфирін үзді. Бұл туралы бірден Би-би-си орыс қызметі хабарлады.

Тележүргізуші Екатерина Андреева Премьер-министр Михаил Мишустиннің халықаралық санкциялардың салдарын азайту жөніндегі жоспарлары туралы айтып отырғанда оның артынан күтпеген жерден «NOWAR (соғысқа жол жоқ) деген жазуы бар плакатты ұстаған қыз пайда болды.

«Соғысты тоқтатыңдар, пропагандаға сенбеңдер, бұл жерде өтірік айтады, деп айқайлады. — Russians against war (ресейліктер соғысқа қарсы). Соғысқа жол жоқ! Соғысты тоқтатыңдар!»

Овсянникова ұсталып, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылды.

Бірінші арна «тікелей эфир кезінде кадрда бөгде адам» болған оқиғаға байланысты ішкі тергеу жүргізіп жатыр.

Кейін адвокат Павел Чиков Бірінші арнаның редакторы Марина Овсянникованың «Останкино» ІІБ жеткізілгенін растады.

Добавить комментарий