Соңғы тәулікте Қазақстанда доллардың құны шамамен 3 теңгеге арзандады.
8 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 428,5 теңгені құрады.
Бір тәулікте доллар 2,83 теңгеге, бір айда 5,28 теңгеге арзандады. Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау пункттерінде долларды 428,5-429 теңгеден сатып алып, 439,5-430 теңгеден сатады.
KASE-де рубль бағамы 5,68 теңгеге қымбаттады.
8 ақпанда сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы ICE биржасында барреліне 91,93 долларды құрады.