Бір айды бидай $100-ға арзандады

Ресей астық жеткізуді қайта бастағаннан кейін Қазақстанға бидай құнын төмендетуге тура келді, жақында ғана Қазақстанда астық тапшылығы кезінде тоннасына 180 мың теңгеден (әңгіме үшінші класты бидай туралы болып отыр) сатылған .

Сондай-ақ, трейдерлер ҚҚС салынбайтын РФ-дан «сұр» астық ағынының өсуіне шағымдануда. Бұл бағаларға қосымша қысым жасайды. Атап айтқанда, қазір Ресеймен шекарадағы «сұр» бидайды тоннасына 140 мың теңгеге сатып алуға болады. Ресми түрде әкелінген астық ҚҚС-мен бірге 150 мың теңгеден ұсынылады.

Осы деңгейге қазақстандық фермерлерге де бағаны түсіруге тура келді.

Наурыз айының ортасынан шілде айының басына дейін қолданыста болған ЕАЭО елдеріне ресейлік астық жеткізуге тыйым салу кезеңінде үшінші класты бидайдың бағасы тоннасына 180 мың теңгеге дейін көтерілді.

Нарық қатысушылары баға конъюнктурасының өзгеруіне жауап берді. Атап айтқанда, өзбек сатып алушылары қазіргі бір тонна астыққа $350 (қазіргі бағам бойынша 168 мың теңге) ұсынып отыр, ал маусым айының ортасында олар $450 берген.

Бұл ретте, нарық бағаның одан әрі төмендеуін күтуде. Жаппай жинау жұмыстары басталысымен тоннасына 130 мың теңгеге дейін арзандауы мүмкін.

Айта кетейік, Ресейдің ішкі нарығында бидайдың бағасы өңірге байланысты тоннасына 12300 рубльден 14300 рубль аралығында.

АҚШ-тағы бидайдың биржалық бағасы бір бушель үшін $8,14 құрайды, бұл бір ай бұрынғына қарағанда 20%-ға төмен.

Добавить комментарий