Билікті басып алу және сот шешімі: Қырғызстанда үкімдердің күші жойылуда

Қырғызстанда мемлекеттік қызметші болған болса, тұтқынға алынғандарды жазасыз алып кетуге болатыны белгілі болды. Наразылық білдірушілер тергеу изоляторларына және түзеу колонияларына басып кіріп, бірнеше тұтқынды тартып алғаннан кейін, оларға қатысты сот шешімінің күші бірінен соң бірі жойылуда.

Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше Жоғарғы сот өз қаулысымен Бірінші май аудандық сотының, Бішкек қалалық сотының үкімдерін, Жоғарғы соттың 2019 жылғы жаңа мән-жайлар бойынша қарау жөніндегі қаулысын алып тастап, істі ҚК Бас прокуратурасына сотқа дейінгі іс жүргізуге жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, парламенттік көпшілік коалициясы кезектен тыс отырыста Садыр Жапаровтың еліміздің премьер-министрі лауазымына кандидатурасын ұсынды. Ал қазір сот үкіміне сәйкес жазасын өтеуі тиіс адамды премьер-министр етіп тағайындау мүмкін емес.

Садыр Жапаров 2018 жылы Қаракөлде 2013 жылы митинг ұйымдастырғаны және сол кездегі облыс әкімі Емілбек Қаптағаевты кепілге алғаны үшін 11, 5 жылға сотталды. Ол казір болып жатқан митингіге демеушілік жасағанытуралы хабарланды.

Күні кеше оны наразылық білдірушілер заңсыз қамаудан босатқан болатын.

Добавить комментарий