Қазақстандық актриса Ресейде өзінің мансабын одан әрі өсуіне мүмкіндіктері көп екенін хабарлады.
29 жастағы актриса Бибігүл Ақтан Сүйіншалина Қазақстаннан түбегейлі кетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Мен Ресейге түбегейлі ораламын деген шешім қабылдадым. Дұрыс айтасыздар, бұл жерде менде мүмкіндіктер әлдеқайда көп және енді көп уақытымды жоғалтқым келмейді. Бірақ Қазақстанда қызықты жобалар болып жатса, қуана-қуана келемін», — деп жазды Бибігүл Ақтан Сүйіншалина.
Актриса бұл қадамға ұзақ уақыт бойы бел буа алмағанын мойындады, өйткені ол Отанға, өзінің достары мен туған-туыстарына деген үлкен сүйіспеншілігі мен борышын өзінде сақтап жүрген. Бірақ бірқатар себептер басымдық танытып, оның Алматы мен Қазақстаннан кету туралы шешіміне әсер етті.
«Мен Қазақстандағы жобаларға көбірек уақыт пен күш жұмсадым, тіл үйреніп, бос уақытымды отанымда өткізіп, лайықты екенімді дәлелдеуім керек деп ойладым! Іс жүзінде көпшілік наразы болды «Тілді жетік меңгермегенімді, дұрыс үйренбегенімді, дұрыс сөйлей алмайтынымды және т.б. » бетіме басты. Жобаларда өте аз ақы төленеді, ол ақшамен өмір сүру қиын. Ал көпшілігі дос екенімізді сылтауратып «Бибігүл біз доспыз ғой, қазір ақша жоқ, ал келесі жобада біз саған қомақты ақша төлейміз» дейді. Бірақ, әрине, бұл жай ғана өтірік әңгіме. Артынан былапыт сөз айтылады және адам сияқты жұмыс жағдайы үшін үнемі күресу керек», — деп жазды Бибігүл Ақтан.
Дегенмен, ол кейбір жобаларды жылулықпен еске алды.
«Әрине, мен есіме алатын жобалар бар, олар туралы сіздерге міндетті түрде айтып, сол керемет жандармен таныстырамын», — деп толықтырды актриса.