Би-би-си жариялаған тексерілмеген ақпарат бойынша, «Россия сегодня» ХАА барлық қызметкерлеріне Талибанды тыйым салынған ұйым деп атамауға тапсырма берді.
Ақпараттық басылымның хабарлауынша, журналистер жаңалықтарда «Талибан» аталғанда «террористік әрекеті үшін БҰҰ-ның санкциясына ұшыраған ұйым» деп жазуы керек.
Хабарламада айтылғандай, жаңалықтарда радикалды исламшыл топты қауіпті қылып көрсетпейтіндей етіп атау туралы тиісті бұйрықты бүгін, 8 қараша, дүйсенбі күні «Ресей бүгін» ХАА агенттік бөлімшелерінің біріне жолдады, деп хабарлайды «Осторожно, новости» telegram-каналы.
БАҚ хабарлағандай, «Россия сегодня» холдингіне кіретін «Новости» ХАА сайтында, сондай-ақ Russia Today телеарнасының сайтында жаңа тұжырым қолданыла бастады.
Ресми түрде: «Талибан» Ресейде террористік деп жарияланған ұйымдардың федералдық тізіміне кіреді.