Бетперде бағасы 15 теңгеге дейін арзандады

Атырау облысының билігі кезекті рет медициналық бетперде бағасын арзандатты.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті медициналық бетперделердің бағасын кезекті рет 15 теңгеге дейін арзандату бойынша шараларды қабылдады.

«20 қаңтарда «Семейное здоровье» дәріхана желісімен тиісті монополияға қарсы комплаенс жасалды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір медициналық бетперденің бағасы 150 теңгеге дейін жеткен болатын. Содан кейін, маскалардың бағасы орта есеппен 20-25 теңгеге дейін жеткен болатын. Бағаның кезекті арзандауына Атырау облысында бетперделер өндірісінің болуы және аталған дәріхананың бетпердені көтерме бағамен сату шешімі ықпал етті.

Добавить комментарий