Алтын өндірумен айналысатын «АҚ Алтыналмас» акционерлік қоғамы Бестөбе кенішінің өндірістік алаңында қалпына келтіру жұмыстарының басталғанын жариялады. Компания шахтадан жер асты суларын сору жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдады. Қалпына келтіру іс-шаралары қазіргі уақытта жұмыс берушіге байланысты емес себептер бойынша өз жұмысын уақытша тоқтауда отырған Бестөбе кеніші қызметкерлері жұмылдырылады. «Алтыналмас» компаниясы жұмысшыларды жергілікті тұрғындармен кездесу хаттамаларында көрсетілген келісімдерге сәйкес жұмысқа алады, қалпына келтіру жұмыстарына тартылған қызметкерлерге еңбекақы штаттық кесте бойынша төленеді.
Еске сала кетейік, Бестөбе кенішінің жұмысы 2021 жылдың шілде айынан бері тоқтап тұр, осы уақыт ішінде шахтада жер асты суларының табиғи су басқыны орын алған. Өндірістік алаңда жұмысты қайта бастау үшін бірінші кезекте жиналған суды сорып алу қажет. Шахталық суларды сору орны ретінде қазіргі уақытта пайдаланылмайтын қалдық қоймасы таңдалды. Барлық жүргізілетін жұмыстар мемлекеттік органдардың және «Алтыналмас» компаниясының өкілдерімен Бестөбе ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамаларында көрсетілген шешімдерге сәйкес орындалады.