Бес жастағы баладан коронавирустың «нигериялық» штаммы анықталды

Павлодарда бес жастағы баладан COVID-19-дың «нигериялық» штаммы анықталды.

Бұл туралы брифингте Павлодар облысының бас дәрігері Айдар Ситқазинов мәлім етті.

Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан

«2016 жылы туған баладан Eta штаммы анықталды. Отбасының барлық мүшесі ауырып, жазылып шыққан. Ешқандай жанама әсер болмады», — деп хабарлады Ситказинов.

Дәрігерлердің мәліметінше, штаммды анықтауға арналған сараптама тек кәмелетке толмаған баладан ғана алынды.

«Сараптама тек баладан ғана алды, отбасының басқа мүшесінен алынбады. Зерттеу Алматыда референс-зертханада жүргізілді, онда «нигериялық» штаммның бар екендігін расталды. Отбасы барлық мүшесі осы штамммен ауырып шыққан болуы мүмкін», — деді Ситқазинов.

Фото: Нигериялық коронавирус штаммы анықталған пациент бес жаста

Сандәрігерлер баланың «нигериялық» штаммды нақты қай жерден жұқтыруы мүмкін екенін анықтап жатыр.

«Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық», — деп атап өтті Ситқазинов.

21 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның төрт өңірінде коронавирустың «нигериялық» Eta штаммы анықталғанын хабарлады. Министр Eta-штаммның пайда болғаны туралы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болғанын, аурудың алғашқы оқиғалары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталғанын атап өтті. ДДСҰ 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде бөлінген. ДДСҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдардың қатарына жатады.

Добавить комментарий