Қазақстанда кеден қызметінің бес маманы Өзбекстаннан кальянға арналған табакты заңсыз әкетуге ықпал еткені үшін бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
«Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 кг жалпы сомасы 59 596 729 теңгеге «SERBETLI» кальянына табакты заңсыз әкелуге лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік маңсабын аса пайдалана отырып ықпал етті», — делінген хабарламада.
Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М. Күміс, Б. Әлиев 3 жыл 6 айға, Н. Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.