Германия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Анналена Бербок Бундесвер офицерлер жүргізген келіссөздердің таралып кетуіне жедел тергеу жүргізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Ол Германия мен Ресей арасында шиеленіс тудырған аудиожазба мен әңгімелердің мәтіні таралып кетуі аясында осындай мәлімдеме жасады.
«Федералды үкімет үшін аталған оқиғаны тексеру маңызды, бұл ретте фактілер түсінікті. Қылмыскер мен құрбанды шатастырмау керек. Егер Ресей бұл қанды соғысты бастамағанда, Украина қорғанбас еді. Германия бұл жағдайдың мән-жайын бейтарап түрде қарауы керек», — деп атап өтті Бербок.
1 наурызда RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян Бундесвер офицерлерінің Украинаға Taurus зымырандарын жеткізу жоспарлары мен Қырым көпіріне ықтимал шабуыл жасау бойынша келіссөздердің жазбасын жариялады. Ресейдің ресми өкілдері келіссөздердің мазмұнына алаңдаушылық білдіріп, Украинадағы қақтығысқа Батыстың араласып жатқанын мәлімдеді.