ГФР СІМ басшысы Анналена Бербок НАТО РФ мен Украина арасындағы қақтығыста ешқандай тарапты ұстанбауы керек деген мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.
Бұл туралы ол бейсенбі күні Германияның солтүстігіндегі Вангельс (Шлезвиг-Гольштейн федералды жері) коммунасында Үлкен жетілік (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония) сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталмас бұрын айтты.
«Мен жақында Киевте болдым, біз онда Украинаға қандай қолдау көрсете алатынымызды талқыладық, ең алдымен НАТО-ны қақтығысқа аралыстырмай, елдің қорғаныс қабілетін арттыру мәселесі талқыланды», — деді Бербок.
Ол Украинада ұшуға тыйым салынған аймақ құру идеясына қатысты Германия «өз ұстанымын нақты білдіргенін» атап өтті. Бұған дейін ГФР билігі мұндай бастаманы қабылдамаған болатын.