Белсенділер Швециядағы Ресей консулдығының алдына қара түсті қап қойды

Демалыс күндері әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын белсенділер тобы Швецияның Гетеборг қаласындағы РФ консулдығының алдына қара түсті қап қойды.

Осылайша олар РФ ҚК орасан зор адам шығындарына ұшырап жатқан шығыс және оңтүстік бағыттағы УКҚ жүргізіп жатқан контршабуылға назар аудартқысы келді, қара түсті қаптар «200 жүк» деп аталатын мәйіттер оралған пакеттерді білдіреді.

Акция 14 қазанда Украинада аталып өтетін қорғаушылар күніне орай өтті. Бұл туралы белсенділер әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Фото: Вячеслав Туровский

Сондай-ақ, жақында ресейлік Telegram арналарда Челябі облысы Коркино қаласының тұрғыны 21 қыркүйек пен 14 қазан аралығында мобилизацияланғандардың бесеуі пакетке салынып оралды деп айтқан видеосы тарады.

Материалда Вячеслав Туровский түсірген суреттер пайдаланылды

Добавить комментарий