Белгілі қазақстандық журналист Нұрлан Ыдырысов 68 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Бұл ақпаратты оның ағасы Бағлан Ыдырысов растады.
Нұрлан Ыдырысов 1970-1980 жылдары ҚазТАГ-тың мәдениет, ғылым және спорт салаларының тілшісі, фотохрониканың бас редакторы және жаңалықтар редакциясының меңгерушісі болды. Сондай-ақ, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасарының көмекшісі және ENRC коммуникациялар қызметінің жетекшісі болды.
Журналист Мұрат Бөлдекбаев Ыдырысовтың өз өмірінде алар орны ерекше екенін және журналистика саласында өзінің ұстазы болғанын айтты.
«Ол мені өз қамқорлығына алып, жазбалар жазуды, материалдарға арналған тақырыптарды табуды үйретті. Сол уақытта интернет болмағанын білесіздер, Нұрлан маған материалды жазу үшін қажетті дүниені есте сақтауды үйретті. Ол маған барлық партиялық және мемлекеттік органдардың телефон нөмірлері жазылған анықтама дәптерін сыйлап, олардың атауларын жататты. Оның берген сабақтары мені алдағы жұмысыма көп септігін тигізді. Сол уақыттан бері көп жылдар өтті. Мен өмірімде көптеген жақсы адамдарды кездестірдім, бірақ Нұрлан мені қоластына алып, қамқорлық жасаған адамдардың бірі болды, қырық жыл өтсе де сол кездерді және Нұрланды сағына еске аламын», — деді Мұрат Бөлекбаев.