Беларусьтегі президент сайлауынан жеңілген Тихановская ЕО-дан сайлау қорытындысын мойындамауды сұрады

Сайлаудан жеңілгеннен кейін елден шығып кеткен Беларусь президенттігіне үміткер Тихановская сайлаудың заңсыз екенін талап етіп отыр.

Республиканың президенттігіне экс-кандидат оппозиция құрған үйлестіру кеңесі «билікті диалог арқылы бейбіт жолмен беру процесін басқарады» деп мәлімдеді

Беларусь президенттігіне экс-кандидат Светлана Тихановская еуропалық көшбасшыларды 9 тамызда өткен президент сайлауының қорытындысын мойындамауға шақырды.

«Мен сіздерді жалған сайлау нәтижелерін мойындамауға шақырамын», — деді ол YouTube-те жарияланған видео хабарламада. Үндеу ағылшын тілінде айтылды.

«Менің елімде биліктің бейбіт жолмен берілуіне ықпал ету үшін мен билікті диалог арқылы бейбіт жолмен беру процесін басқаратын Беларусь ұлттық үйлестіру кеңесін құруды бастадым», — деп толықтырды.

Тихановскаяның айтуынша, «кеңес халықаралық бақылаудағы жаңа адал және демократиялық президент сайлауын өткізуге дереу бастама жасайды». Ол сондай-ақ Еуропа елдерінің көшбасшыларын «халықаралық құқық қағидаттарын, Беларусь егемендігін және беларусь халқының таңдауын құрметтеуге» шақырды.

Қазір Тихановская Литвада . Оның үндеуі сәрсенбіге жоспарланған Беларуссиядағы жағдай бойынша Еуроодақтың шұғыл саммиті қарсаңында жарияланды, ол бейнеконференция форматында өтеді.

Ұлттық үйлестіру кеңесі сейсенбі күні құрылды. Оның негізгі құрамына 70 оппозициялық қайраткер кіреді. Кеңестің мақсаты республикадағы биліктің бейбіт жолмен берілуіне жәрдемдесу болып табылады. Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозицияның Үйлестіру кеңесінің құрылуын билікті басып алу әрекеті деп атады.

Добавить комментарий