Беларусьтің хабарлауынша, Украинамен арадағы шекарада көпірлер жарылып, жолдарға мина қойылды.
Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің төрағасы Анатолий Лаппо украиндықтар шекарадағы барлық дерлік көпірлерді жарып, жолға мина қойғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, украиндықтар жолға танкіге қарсы миналарды 3 қатардан қойды. Аталып өткендей, Украина тарапынан «шекараға шекарашылар емес- аумақтық қорғаныс шығып жатыр».
«Қысым көріп отырмыз, шекарашыларымызды көздеп, кейде ауаға оқ атып, тұрақты түрде әуе барлауы жүргізілуде», — деді Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің төрағасы Анатолий Лаппо.
9 қазанда Беларусьтегі Украинаның елшісі Игорь Кизим республиканың СІМ-uе шақырылып, «Киевтің елге соққы беру жоспарына» байланысты дипломатиялық нота берді.