Беларусьте заң барлығы үшін бірдей: дәрігерлер әріптестерін қолдау үшін пикетке шықты

Беларусь астанасында Минск хирургия, трансплантология және гематология ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері өткен сенбі күні рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін ұсталған әріптестерін босату мақсатында көшеге пикет өткізуге шықты.

Жұмыс күні басталғанға дейін «Дәрігерлерімізді босатыңыздар», сондай-ақ ұсталғандардың аты-жөндері жазылған плакаттармен бірге 30-ге жуық дәрігер ынтымақ тізбегіне тұрды.

Естеріңізге сала кетейік! 7 қарашада құқық қорғау қызметкерлері Бірінші қалалық клиникалық аурухананың маңында «Медиктер шеруі» деп аталатын акцияда 40-ден астам адамды ұстады. Дәрігерлердің бір бөлігін АІІБ-ден босатып, сотқа шақыру қағаздарын тапсырды, ал жиырма шақты адамды Окрестин көшесіндегі тергеу изоляторына алып кетті.

Добавить комментарий