Литва шекара қызметінің мәлімдеуінше, Беларусь шекарашысы Литваның мемлекеттік шекарасына өтіп кеткен. Оқиға бейсенбі күні кешкісін орын алды
«Бейнебақылау құралдары арқылы Беларусь шекара күзетінің қызметкері шекара сызығын бір жарым метрге кесіп өткені анықталды. Ол бірден кері қайтты», — деді Литва шекара қызметі.
Хабарламада сондай-ақ Беларусь шекара қызметкеріндн кілем, ұйықтауға арналған қап немесе бүктелген болғаны айтылған. «Көршілес елдің әскери қызметкерінің мұндай әрекетін жауапсыз және кәсібилікке жат деп бағалаймыз», — деп мәлімдеді ведомство.
Заңбұзушылық туралы ақпаратты Литва ІІМ мен СІМ хабарлады.